Түркістан: Байланыс операторларының станциялары жаңартылды

47

Түркістан облысында «Қазақтелеком» және «Транстелеком» тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша талшықты-оптикалық интернетті пайдалану жобасы іске асырылған. Бұл жоба елімізде алғаш рет қолға алынуда.

Биыл облыста «Кселл» акционерлік қоғамы тарапынан 58 елдімекен мобильді кең жолақты ғаламтормен қамтылған. Сонымен қатар, қолданыстағы 2G және 3G станцияларын 4G-ге ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтар болсақ, «Кселл» байланыс операторы облыс бойынша қолданыстағы 22 базалық станциясын 4G-ге ауыстырса, Түркістан қаласында қосымша 3 жаңа станция орнатқан. Ал, 6 станцияны 4G-ге ауыстырды.

«Билайн» байланыс операторы 30 станциясын 4G-ге ауыстырса, «Tele2» байланыс операторы облыс бойынша қолданыстағы 214 станциясын 4G-ге көшірген.

Әлихан Файзханов