Түркістан қаласында, желтоқсан айының соңына дейін 610 пәтер , тұрғын үйге мұқтаж отбасылар тізіміне тіркелген көпбалалы және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға кезек ретімен берілмек.
Қала әкімінің сөзінше, қалалық әкімшілік-іскерлік орталығында бюджет есебінен 7, 9 және 12 қабатты 67 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар жаңа үйлердің аулалары абаттандырылып, балалар алаңқайлары салынуда.
Бұл туралы, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық мәжілісте талқыланды. Аталған жиында, бұдан өзге тұрғын үйге қатысты, әкімшілік аумағындағы 914 пәтер несиелік жүйемен сатылымға қойылғандығы да хабарланды.
Айта кетейік, оның 763 пәтері «Отбасы банк» АҚ арқылы , ал 151 пәтері «7-20-25» бағдарламасы арқылы іске аспақ.
Аида Қарсыбайқызы