Түркістан: Жәрмеңкеде 23,1 тонна өнім арзан бағада сатылды

120

Түркістан облысында «Алтын күз-2021» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде ауданда өндірілетін ауыл шаруашылығы тауарлары жергілікті тұрғындарға 15-20 пайыз арзан бағада ұсынылды.

Мол өнімді тиімді бағада алған аудан тұрғындары шаруалардың еңбегіне дән риза екендіктерін жеткізді. Жалпы, жәрмеңкенің басты мақсаты – шаруа қожалықтарының өндірген өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау, тамақ өнімдерін ауыл тұрғындарына нарықтық бағадан төмен бағада ұсыну.

Жәрмеңке барысында 23,1 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды. Оның ішінде 22 тонна картоп пен көкөніс, 300 келі қарбыз, 600 келі ет пен балық және 200 литрден астам сүт өнімдері халыққа ұсынылды.

Мөлдір Ибадуллаева