Бүгінде Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын қабылдағандар саны – 28 716-ға жетті. Оның ішінде 23 408-і жасөспірімдер болса, 3 143 жүкті және лактация кезіндегі 2 165 әйел «Pfizer» екпесін алды.
Мекемелерде профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Екпе егетін медицина мамандары арнайы оқытудан өткен. «Pfizer» екпесі 12-ден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен лактация кезеңіндегі әйелдерге ерікті түрде салынады.
Яғни, профилактикалық екпе азаматтардың өз келісімімен ғана жүргізіледі. Ал жасөспірімдерді вакцинациялау ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімімен жүзеге асады.
Айта кетейік, Түркістан облысына «Pfizer» вакцинасының жалпы саны 46800 дана мөлшеріндегі партиясы жеткізілген.
Мөлдір Ибадуллаева