Жанармай тағы қымбаттады

181

Жанармай тағы қымбаттап жатыр. Сұранысқа ие АИ-92-і маркалы бензиннің бағасы төрт теңгеге көтерілген. Мәселен, Алматыда екі апта бұрын   176-179 теңге болған бензин,  қазір 181 теңге тұрады.

Баға барлық өңірде дерлік қымбаттаған. Ал АИ-95 бен 98-дің құны алты теңгеге өсті. Олардың литрі 206 және 228 теңгеден сатылып жатыр. Бұған дейін сарапшылар жанармай келер жылы қымбаттайтынын айтқан болатын. Тіпті баға Ресейдегімен теңеседі деген болжам жасалынған еді.

Шынар Оразова