Өзбекстанда жанармай бағасы қымбаттады

29

Өзбекстанда жанармай бағасы шарықтап тұр. Әсіресе АИ-95 маркалы бензиннің құны тым қымбат. Әрі ол кез келген бекетте сатыла бермейді.

Қымбатшылықтан қажыған тұрғындар көлігіне жанармай құюға Қазақстанға ағылып жатыр. Жергілікті «Потребитель.уз» порталының хабарлауынша адамдар арзан жанармай құйып қайту үшін шекара бекетінде сағаттап кезекке тұруға дайын. Өйткені баға екі жарым есе арзан. Яғни, АИ-95 Ташкенттегі бекеттерде 15 мың өзбек сумына саудаланса, Қазақстанда баға 6 мың сумның айналасында. Өзбекстанға жанармай негізінен Ресейден жеткізіледі.

Қыркүйекте ресми Мәскеу сұйық отынды сыртқа шығаруға шектеу қойған еді. Мұның соңы қымбатшылыққа соқтырды. Ташкентегі бекеттерде бензин қоры таусылған соң баға мүлде бой бермей кетті.