ҚР Ауыл шаруашылығы Ербол Қарашөкеев азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты қабылданған іс әрекеттер жайлы мәлімдеді. 1 шілдеге дейінгі мерзімге күнбағыс пен күнбағыс майы экспортына сандық шектеулер енгізіледі.
3 ай мерзімге картоп пен сәбіз экспортына, ірі қара мал мен ұсақ малды 6 ай мерзімге шығаруға, жем-шөп шығаруға тыйым салынады.
Маусымаралық кезеңде импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі пысықталып жатыр,- деді министр.
2025 жылға дейін бірнеше азық-түліктің өндіріс көлемін 100 пайызға жеткізу міндеті тұр. Яғни, құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, алма және балық өнімдерін – 100 пайыз және қантты 80 пайызға арттыру үшін инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр.
Шынар Оразова