Елімізде өткен тәулікте 16 284 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Оның 444-і Шымкентте, 148-і Түркістан облысында тіркелген.
Ел бойынша жазылып шыққандар саны 2256 адам болса, оның 79-ы шымкенттік тұрғын. Ал, Түркістан облысынан 15 адам ковидты жеңіп шыққандар қатарында.
21 қаңтардағы жағдай бойынша елде 124 744 адам ем қабылдап жатыр. Оның 8 929-ы стационарға жатқызылған. Ал, 115 815-і амбулаториялық деңгейде емделуде. Сала жауаптыларының айтуынша, 396 адамның жағдайы ауыр, ал 88 пациенттің халі өте ауыр. 57 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.
Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 104 772 адамға жетті. Оның 2-ші компонентін 8 667 645 адам салдырды. Ал Шымкентте 594 269 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 580 686 адам алды.
Ал, Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 046 367, II компонентін 1 036 152 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сүйенетін болсақ,
Елімізде сары аймақта тек Түкістан облысы ғана тұр. Қалған өңірлердің барлығы қызыл белдеуде.
Жанерке Хумар