Ағымдағы жылы көлік 8-10 пайызға қымбаттауы мүмкін. Былтыр Қазақстанда көлік 24 пайызға қымбаттап, кейінгі бес жылдықтағы рекордтық өсімді көрсеткен болатын.
Утилизациялық алым азайғанымен, бағаның шарықтау тренді биыл да жалғасады дейді «ҚазАвтоПром» одағы төрағасының орынбасары Артур Мискарян. Оның пайымдауынша, қымбатшылық жалғыз Қазақстан емес, әлемдік үрдіске айналды.
Өйткені, жаңа көліктің өндірісі сұранысты жаба алмай жатыр. Кідіріске әсер еткен факторлар әлі жойылған жоқ. Ал отандық зауыттар ішкі нарықтың 59 пайызын ғана қанағаттандыра алады. Қалғаны импортқа тәуелді.
Шынар Оразова