Нарықта автокөлік тапшы

80

Әлемге әйгілі 20 шақты автобренд Ресей нарығын кететінін жариялады. Яғни, көрші елде автомобиль өндірісі мен жаңа көлік жеткізу ісі тежеледі. Бұл Қазақстанның автонарығына да кері әсерін тигізеді.

Кейбір брендтер бізге Ресей арқылы тасымалданады. Көрші елдегі ахуал оңалмаса, нарықта көлік тапшылығы болып, баға шарықтайды. Тәуелсіз автокөлік одағының төрағасы Эдуард Эдаков осындай пікірде.

Оның айтуынша қазір отандық диллерлер көлік шығарушы елдермен тікелей тасымалдау бағытында келіссөз жүргізіп жатқан болуы мүмкін. Бірақ бұл мәселенің қашан және қалай шешілетіні, құны қалай өзгеретіні белгісіз. Оның үстіне теңгенің долларға шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл де шетелден келетін көлікті қымбаттата түседі.

Ал утилизациялық алымның төмендеуі қымбатшылыққа тосқауыл бола алмайды. Төрт процентпен несие беру бағдарламасында әлі түсініксіз тұстар көп дейді сарапшы.

Шынар Оразова