ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізуде.
Серікқали Брекешев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі: «27 қаңтарда кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым коэффициенттерін қайта қарау мәселесі талқыланды. Жұмыс тобының мүшелері қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірігіп, кабель-сым өнімдеріне утилизациялық алым алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін шегеру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл шешім кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен талқылау кезінде қабылданды. «Атамекен» ҰКП тарапынан утилизациялық төлемді ынталандыру ережелері мен есептеу әдістемесіне түзетулер ұсынылды. Экология министрлігі тиісті бұйрық жобасын әзірлеп, ол мемлекеттік органдармен келісу сатысында».
Шынар Оразова