Кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге өтініш қабылдау басталды

63

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге келтірілген залалды өтеуге InfoKazakhstan.kz платформасында электронды өтініш қабылдау басталғанын хабарлады.

Шығынды өтеу шарасы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер үшін қарастырылған. Залалды өтеу туралы өтініш электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен infokazakhstan.kz сайты арқылы беріледі.

Өтініштерді өңірлік комиссиялар күнтізбелік 5 күн ішінде қарайды. Өтініш мақұлданған жағдайда ұсынылған мәліметтер мен құжаттар негізінде өңірлік комиссия айқындайтын мөлшерде қаражат бөлу туралы шешім қабылданады.

Шынар Оразова