Шымкентте коменданттық сағатты бұзған 33 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 25 құқық бұзушы қамауға алынды.
Блок бекеттерде 7000-нан астам автокөлік тексерілген. Нәтижесінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 8 азамат ұсталды. Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов күдіктілерден 6 патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, 5 жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша, 7,62-мм калибрлі 67 жауынгерлік патрон және 5,45-мм калибрлі 3 жауынгерлік патрон тәркіленгенін айтты.
Қалада жаппай тәртіпсіздік орын алғаннан бері полицияға 2716 адам жеткізілген. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылса, олардың 175-і 15 тәулікке қамалып, 2 адамға айыппұл салынған.
Әлихан Файзханов