Úı ANONS Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 2716 адам ұсталды

Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 2716 адам ұсталды

Шымкентте жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 2716 адам ұсталды. Қазірдің өзінде 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 175-і 15 тәулікке қамауға алынып, 2-і айыппұл салынды, деп хабарлайды Шымкент қаласының комендатурасы.

«Коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 33 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 25-і қамауға алынды. Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша ІІО-да тәртіпсіздікке қатысқан 52 адам бар.

Бақылау бекеттерінде 7000 көлік тексерілді. Автокөліктердің бірін тексеру кезінде 1 дана газ тапаншасы, 6 дана патрондары бар 1 дана 16 мм калибрлі кесілген шолақ мылтық, 9 мм жауынгерлік калибрлі 1 травматикалық тапанша, 5 жауынгерлік патрондар 9 мм, 67 дана 7,62 мм жанды патрондар тәркіленді.