Маман: Скринингтен өтіп, қатерлі ісіктің алдын алыңыз

171

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасы жанындағы онкологиялық емханада «Ашық есік күні» өтті. Шара аясында онкоолог дәрігерлер жатыр мойны обырынының алдын алу бойынша пациенттерді қабылдап, диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізді. Қатерлі ісік ауруын анықтау мақсатында жүргізілген профилактика шара турасында толығарақ келесі бейнесюжетте

Қатерлі ісіктен қорғанудың дұрыс әдісі — скринингтік тексеруден өту. Осыны ескерген Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының жанындағы онкологиялық емхана мамандары Ашық есік күнін өткізіп, жатыр мойны ісігі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Профилактикалық тексеруге келгендердің бірі 49 жастағы Гүлмира Төлегенова.

Гүлмира Төлегенова: «Мені ештеңе мазаламайды тек тексерілгім келеді, денсаулығыңыз туралы білгім келеді және мен бәріне кеңес беремін, денсаулығыңызды бақылаңыз бұл өте маңызды».

Мамандардың айтуынша жатыр мойны обыры — бұл 40 пен 60 жас аралығындағы әйелдерде кездеседі. Бірақ, соңғы жылдары жас қыздардың да осы дертке шалдығу деректері көбейіп жатқан көрінеді. Аурудың алғашқы белгілеріне мән бермеген әйелдер қауымы емделуге тым кеш жүгініп жатады дейді мамандар.

Рахым Абдурасулов, Түркістан облыстық онкологиялық орталықтың меңгерушісі: «Бүкіл әлемде қатерлі ісік жасарып, жатыр мойны обыры жасарып, өте ерте жаста пайда болады. Негізгі белгілері бұл жамбас аймағындағы ыңғайсыздық, етеккірден тыс қан кету немесе жанасудан қан кету. Жалпы, жатыр мойны обыры визуалды локализацияға жатады, яғни оңай диагноз қойылады. Бірақ көптеген әйелдер аурудың дамыған кезеңіне жүгінеді мен айтқан белгілерді елемей. Аурудың ерте кезеңі талап етеді аз емдеу негізінен жедел сәулелік терапия және емделуге көбірек мүмкіндік бар. Барлық емдеу мен тексеру мемлекет есебінен жүргізіледі».

Елімізде, сүт безінің қатерлі ісігі таралуы жағынан бірінші орында тұрса, одан кейінгі кезекте жоғарыда атап өткен жатыр мойын обыры тұр. Бұл қатерлі дерттің асқынуына көп жағдайда, әлсіреген иммундық жүйе, темекі шегу, қайталанатын түсік, ерте жыныстық өмір әсер етеді екен. Сондықтан дәрігерлер ауруды ерте кезеңде анықтап, емдей алуы үшін скринингтік тексерулерден уақтылы өтуге шақырады.

Лаура Нақыпқызы