Мемлекетаралық іздеуде жүрген бүлікші елордадан табылды

77

Нұр-Сұлтандық полицейлер мемлекетаралық іздеуде болған бүлікшіні қолға түсірді. Күдікті Жамбыл облысының тұрғыны. Ол 5 қаңтар күні Шу ауданының Төле би ауылында «Nur Otan» партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысқан. Бұл туралы баспасөз брифингінде Әкімшілік полиция комитетінің бастығы Бағланбек Айтпаев мәлімдеді.

Айта кетейік, елде төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін тәртіп сақшылары жіті тексеріс жүргізіп бастады. Елде бір аптаның ішінде заңсыз қару сақтаған 200-ге жуық адам анықталып үлгерді. Олардан 250 қару-жарақ пен 2 мың оқдәрі тәркіленді.

Сондай-ақ , «Құқық тәртібі» шұғыл іс-шарасы аясында 4 мыңнан астам қылмыс тіркелгенін атап өтті. Оның ішінде қоғамдық орындарда және көшеде жасалған әрекеттер де бар. Қылмыстың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Алматы мен Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында тіркелген.

                                                                                         Мөлдір Ибадуллаева