Қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында полицияның қарулы күзетінің сүйемелдеуімен «Халық», «Жусан», «Каспи» банктерінің банкоматтары толтырылуда.
Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығы: «Жаппай тәртіпсіздіктің басынан бері полицияға 2716 тұлға жеткізілді. 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 175-і 15 тәулікке қамауға алынып, 2 тұлғаға айыппұл салынды. «Коменданттық сағатты» бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 33 құқық бұзушы тартылды, оның ішінде 25 тұлға қамауға алынды».
Полиция департаментінің мәліметі бойынша, бұғаттау бекеттерінде 7000 автокөлік тексерілген Жаппай тәртіпсіздікке қатысты деген күдікпен 8 азамат ұсталып, автокөлікті тексеру кезінде 1 газ тапаншасы тәркіленіпті.
Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласының полиция департаменті бастығы:»Күдіктілерден 6 патроны бар 16-мм калибрлі тұмсығы кесілген қару, 5 жауынгерлік патроны бар 9-мм жауынгерлік калибрге қайта жасалған 1 травматикалық тапанша,
Қазіргі уақытта Полиция департаменті әскери бөлімдер және Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің күштерімен бірлесіп, төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуде. Қала шекарасында бұғаттау бекеттері қойылып, «Коменданттық сағат» жүзеге асырылуда, стратегиялық нысандарды күзету күшейтілді, қаладағы қоғамдық-саяси жағдай бақылауда.
Шынар Оразова