Қалаларды дамытуға арналған «Берекелі бастама» порталы құрылды

80

Қазақстанда қалаларды дамытуға арналған «Берекелі бастама» порталы құрылды. Әзірге порталға Ақтау және Атырау қалаларына қатысты ұсыныстар енгізілген.

Алдағы уақытта барлық қала қосылады. Өңірге өзгеріс енгізу туралы бастаманы кез келген тұрғын көтере алады. Жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Q88 урбанистер қауымдастығымен бірге іске асырып жатыр.

Сонымен бірге, Ақтаудың инфрақұрылымын жақсарту үшін бөлек бағдарлама дайындалады. Аймақта құбыр желісі ескіріп, салдарынан былтыр 1,5 мың апат болған.

Министр Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жылу және сумен жабдықтау желілерінің тозығы жеткен. Ал Атырауда 10 негізгі, 6 шағын жол жөнделеді. 150 ғимараттың қасбеті де қайта жөндеуден өтеді.

Шынар Оразова