Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу үшін валюталық интервенция жасалуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында айтты.
«Мемлекет басшысы валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етпей орнықты экономикалық өсудің мүмкін еместігін атап өтті. Қазақстан қор биржасының валюта алаңындағы сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жүргізу қалпына келтірілуде», — деген Ұлттық банк басшысы инфляцияның теңгеге деген қысымын бәсеңдету үшін қандай шара қабылданып жатқанын айтты.
«Теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу мақсатында Ұлттық банк қажетіне қарай валюталық интервенциялар жүргізу арқылы валюта нарығындағы баллансты қамтамасыз етеді. Жоғарыда көрсетілген шаралар топтамасын табысты іске асыру нарықтың ішкі және сыртқы қатысушыларының тарапынан ұлттық валютаға деген сенімді қалпына келтіруді қамтамасыз етуі тиіс», -деді.
Шынар Оразова