Стратегиялық маңызы бар нысандарға қатысты жаңа үкіметтің шешімі. Шүлбі және Өскемен ГЭС-терін сатуға қатысты заң жобасы кері қайтарылды.
Бұл заңда нысандарды Біріккен Араб Әмірліктеріне сату қарастырылған болатын. Жалпылай алғанда, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларына тікелей шетелдік инвестициялар тарту негізге алынған. Құжатты Мәжілістен ел Үкіметі қайтарып алды.
Шынар Оразова