Жаппай тәртіпсіздік кезінде 103,7 млрд. теңгенің шығыны келген. Оның 102 миллиарды теңгесі Алматыға тиесілі.
Сонымен қатар, сауда саттық саласында 1482, қоғамдық тамақтану саласында – 44, қаржы секторында – 61, логистика саласында – 23 және бес ақпарат құралдарының нысандары зардап шеккен.
Қазір Алматыда мұқтаж жандарға көмек көрсететін еріктілер штабы құрылды. Бүгіннен бастап қоғамдық көлік барлық бағытта қатынап жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен сауда-ойын-сауық орталықтары ашылды.
Шынар Оразова