Энергетика министрлігі жанармайға акциз бағасын көтеруді ұсынды

161

Жанармайға акциз бағасы қымбаттамақ. Энергетика министрлігінің хабарлауынша қазір қаулы жобасы дайын. Және ол ашық талқылауға шығарылған.

Оған сай министрлік бензинге акцизді 14 теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Яғни, өндірушілер жанармай литрі үшін мемлекетке 24 емес, 38 теңге төлеуі мүмкін. Бұл тауар бағасының көтерілуіне де әсер ететіні белгілі. Бірақ жауапты министрлік бұл жолы жанармай құнының өсуіне жол бермейміз деп отыр. Ол үшін нарықтан делдалдарды алып тастау көзделген.

Яғни, жанармайды зауыттардан тікелей құю бекеттеріне жеткізу қолға алынбақ. Бұл қымбатшылыққа жол бермейді,- дейді министрлік өкілдері.

Шынар Оразова