Шымкентте 23 жастағы бойжеткен оныншы қабаттан құлап, оқиға орнында қайтыс болды.
19 ақпан күні түнгі сағат екілер шамасында «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшілеріне хабарлама келіп түсті. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қала тұрғыны Д. Қонаев даңғылындағы тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан секіріп кеткен.
Жедел-жәрдем 1999 жылы туған қыздың қайтыс болғанын анықтады.
Оқиға орнындағы бейнежазбаны оқиғаның куәгерлері таратты.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.