1-ші наурызда елде аяқ киімді тегін таңбалау басталады. Барлық шығын бірыңғай оператор есебінен өтеледі.
Бір реттік науқан шағын бизнесті қолдауға бағытталып отыр. Ол үшін маркировка. кз сайтына электронды өтініш қалдыру қажет. Өтініштер 1 маусымға дейін қабылданады.
Еуразиялық экономикалық одақ талабына сай, аяқ киімді міндетті таңбалау біздің елде былтыр қарашада қолға алынды. Жуырда Қазақстан мен Ресей кодтарды мойындау жөнінде келісімге келді. Оған сәйкес, отандық импорттаушылар көрші елдің өнімін еш қиындықсыз сатып ала алады және ел аумағына кіргізерде қайта таңбалау талап етілмейді.
Дәл осы ереже тауар экспорты кезінде де сақталады. Ай соңына дейін аталмыш шартқа Беларусь Республикасы қосылмақ.
Шынар Оразова