Әлеуметтік кәсіпкерлерге жеңілдіктер бар

124

Ұлттық экономика министрлігі саясат және кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Эрик Жамбылов «әлеуметтік кәсіпкер» мәртебесіне  ие болған бизнесмендерге қандай жеңілдіктер жасалатынын айтты.

Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты заң биыл қаңтарда күшіне енді.
Жамбыловтың айтуынша, әлеуметтік кәсіпкерлік кәсіп иесінің кірісін молайтуды көздемейді, оның мақсаты қызмет көрсету және тауар өндіру арқылы қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешу.
«Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау үшін бірқатар ынталандырушы шара бар. Мәселен, ерекше қажеттілігі бар қызметкерлер саны 51%-ке жететін ұйымдар корпоративтік табыс салығынан, әлеуметтік және жер салықтарынан босатылады. Сондай-ақ мүлікке салық салу кезінде жеңілдіктер жасалады», — деді Жамбылов орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатында.
Әлеуметтік кәсіпкер атанудың шарттарының бірі – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа тарту. Атап айтқанда, ерекше қажеттілігі бар адамдар, егде жастағы және зейнет жасына жақындаған адамдар, түрмеден босап шыққандар, жетім балалар және тағы басқалары.
Шынар Оразова