Ақтас шағынауданы жыл соңына дейін табиғи газбен толық қамтылады

126

Абай ауданына қарасты Ақтас шағынауданын қазіргі таңда табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі 2022 жылдың соңына жоспарланған.

Елдімекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инженерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты әкіміктің назарында. 2 578 отбасы мекендейтін шағынаудан ауыз су мен сапалы электр жарығымен толықтай қамтылған.

Сондай-ақ, биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді. Айта кетейік, өткен жылы елдімекенге 1 спорт алаңшасы пайдалануға беріліп, 2,8 шақырым жолына шағал тас төселген еді.

Әлихан Файызханов