Бір тәулікте 598 адамнан вирус анықталды

95

Елімізде өткен тәулікте 598 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның 5-і Шымкентте, 2-і Түркістан облысында тіркелді.

Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 3146. Оның ішінде 566-сы шымкенттік тұрғын. Түркістан облысынан 4 адам ковидты жеңіп шықты. 23 ақпандағы жағдай бойынша елде 28 280 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 3672 стационарға жатқызылса, 24 608 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сала жауаптыларының айтуынша, 220 адамның жағдайы ауыр, ал 88 пациенттің халі өте ауыр. 78 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 361 622 адамға жетті. 2-ші компонентін 8 951 617 адам салдырды. Ал Шымкентте 598 627 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 585 633 адам алды.

Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 229 , II компонентін 1 044 929 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қостанай, Повлодар облысы сары белдеуде. Қызыл аймақта Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Қалған өңірлердің барлығы жасал белдеуде.

Жанерке Хумар