Былтыр 1 жыл ішінде 32 мың отандасымыз елден кеткен. Тиісті көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп.
Тізімде Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстары көш бастап тұр. Ұлттық статистика бюросының есебінше, сыртқы көші-қон жыл санап артып келеді. Тек 2020 жылы коронавирусқа байланысты шектеулердің әсерінен өсім байқалмады.
Ал елге келушілердің басым бөлігі Маңғыстау облысы мен Алматы және Шымкент қалаларына қоныстанған.
Шынар Оразова
«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз. https://t.me/OtyrarQaz