Елде былтыр бензин экспорты 5 есе азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы шетелге 30 348 долларға жанармай сатылған.
Қазақстандық бензиннің негізгі тұтынушысы Өзбекстан, Нидерланд, Тәжікстан мен Грузия. Ал Беларусь пен Ресейден былтыр 1,2 мың тонна бензин импортталды. Статистика бюросының дерегіне сәйкес, өткен айда нарықта АИ-92 маркалы бензиннің литрі 179-182 теңгеден, АИ-95 пен 96 литрі 210-215, ал АИ-98 бензині 232-238 теңгеден саудаланған.
Шынар Оразова