Дариға Назарбаева Мәжілістен кетуді шешті

69

 Дариға Назарбаева Мәжілістегі өкілеттігінен бас тарту туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық істерімен шұғылданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Бүгін Мәжілістегі өкілеттігімнен бас тарту туралы шешім қабылдадым және қоғамдық, гуманитарлық, мәдени, қайырылымдылық істеріне ден қоймақпын. Мен Nur Otan партиясына дауыс берген барлық қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына артқан сенімдері үшін алғыс айтамын», — деді Назарбаева өз мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Елбасының қызы ұлттық құндылықтар мен егемендікті сақтап қалу үшін бірлігімізді жоғалтып алмау керек екенімізді атап айтты.

«Мен әрі қарай да еліме қызмет етемін. Бұл үшін лауазым қажет емес», — делінген Дариға Назарбаеваның хабарламасында.