Ел бойынша 103 адамның жағдайы өте ауыр

68

Елімізде өткен тәулікте 483 адамнан короновирус инфекциясы анықталды. Оның 4-і Шымкентте, 2-і Түркістан облысында тіркелді. Ел бойынша вирустан жазылып шыққандар саны 2243. Оның ішінде шымкенттіктер жоқ.

Түркістан облысынан 4 адам ковидты жеңіп шықты. 22 ақпандағы жағдай бойынша елде 30 846 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 4198 стационарға жатқызылса, 26 648 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Сала жауаптыларының айтуынша, 230 адамның жағдайы ауыр, ал 103 пациенттің халі өте ауыр.

85 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған. Қазақстан бойыша вакцинацияланғандар саны 9 355 368 адамға жетті. 2-ші компонентін 8 941 123 адам салдырды. Ал Шымкентте 598 458 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 585 219 адам алды.

Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 047 216 , II компонентін 1 044 883 адам салдырған. Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қостанай, Повлодар облысы сары белдеуде. Қызыл аймақта Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Қалған өңірлердің барлығы жасал белдеуде.

Жанерке Хумар