Бір тәулікте 1,5 мың адам коронавирус індетін жеңіп шықты

23

Өткен тәулікте елімізде 3095 адам короновирус инфекциясын жұқтырған. Оның 78-і Шымкент қаласының тұрғыны. Түркістан облысынан 22 адам вирус жұқтырғандар қатарында.

Ел бойынша індеттен 1 571 адам жазылып шықты. Оның 22-і Түркістан тұрғыны. Ал айығып шыққандар қатарында шымкенттіктер жоқ. 29 шілдедегі жағдай бойынша елде 24 285 адам қауіпті індеттен емделіп жатыр. Оның 1490-ы стационарға жатқызылса, 22 795 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сала жауаптыларының айтуынша, 36 адамның жағдайы ауыр. 12 адамның жағдайы өте ауыр. 5 науқас өкпені жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған.

Қазақстан бойынша вакцинацинаның 1-компонентін 10 781 555 адам салдырды. 2-ші компонентін 10 512 310 адам алды. Ал Шымкентте 707 097 тұрғын екпе қабылдаған. Вакцинаның екі компонентін мегаполистің 696 291 адам алды. Түркістан облысы бойынша қауіпті індетке қарсы вакцинаның I компонентін 1 294 973, II компонентін 1 289 908 адам салдырған.

Ал эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы сары аймақта басқа өңірлердің барлығы жасыл белдеуде.

Мөлдір Ибадуллаева