Сұйық отын қазірдің өзінде Еуропаның бірқатар елінде тапшы. Мамандар бұл көктемгі егіс науқанына кері әсер ете ме деп қауіптенеді. Мұның үстіне былтыр тыңайтқыш қымбаттады. Жанармай жетіспесе, демек, нәрлендіргіштердің бағасы биыл тағы өседі.
Insights Global орталығының хабарлауынша, Еуропада өткен аптада дизель отыны мен мазут қоры 2 жарым пайызға азайған. Мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2008 жылы тіркелген. Тек кәрі құрлық емес, әлемнің көптеген мемлекетінде осы жағдай.
Мәселен, Сингапурде оның қоры 8,21 миллион баррельге дейін төмендеді. Ал Қытай қаңтар айының басында мұнай өнімдерін, соның ішінде сұйық отын экспортын қысқартты. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның нарығында шикізат тапшылық туғызды.
Шынар Оразова