Әлемнің ауқаттылары Ұлыбританияның «алтын визасынан» қағылатын болды. Жергілікті билік аталған бағдарламаны бір аптаның ішінде жоюды жоспарлап отыр.
Оған Ресей мен Украина арасындағы текетірес себеп. Ұлыбритания билігі «алтын визаны» бай-бағландар заңсыз жиған қаржысын жасыруға пайдалануы мүмкін» деп күдіктеніп отыр. Алтын картаның тәртібі бойынша елге кемінде 2 млн фунт стерлинг құйған инвестор, бұл шамамен 1 млрд. теңгеден астам қаржы, Ұлыбританияда 3 жыл тұру құқығына ие болады.
Кейін оны тағы екі жылға ұзарта алатын. Tribune India басылымының дерегіне сүйенсек, кейінгі он жылда визаны әлемнің бірқатар елінің дәулетті азаматы алған.
Шынар Оразова