Баспана, көлік, жоғары жалақы…. Алданып қалмаңыз

273

Алаяқтар «LinkedIn» әлеуметтік желісі арқылы қазақстандықтарға жақсы жалақы, тұрғын үй, көлікпен қамтамасыз ететін Ұлыбританияда жұмыс орнын, сондай-ақ, осы елге виза және жұмысқа рұқсат алуға қолдау көрсету туралы ұсыныс хаттар жібереді.

Осыған қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін алаяқтар олардан 1300-1500 фунт стерлинг көлемінде ақша жіберуін сұрайды. Ақшаны алған соң, із-түзсіз жоғалып кетеді.

Полиция қызметкерлері аталмыш компаниялардың бірін тексерген кезде, компания британдық болғанымен, оның директоры Испан елінің азаматы болып шықты. Компанияның жарғылық капиталы 1000 фунт стерлинг көлемінде болғандықтан, олар ешқандай шетелдік азаматтарды жұмысқа алуға және жоғарыда көрсетілгендей жағдай жасауға құқы да, қаражаты да жоқтығы анықталды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға әрбір ақпаратты тексеріп, жұмыс барысы бойынша кадр бөлімінің мамандарының жеке өзімен сөйлесіп, бейтаныс адамдарға ешқандай ақша аудармауын, ерекше мұқият болуын сұрайды.

Егерде Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз осындай киберқылмыстың құрбаны болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласыңыз.

ТО ІІД Баспасөз қызметі