Күнбағыс майының құны 7 есе өскен

104

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ел аумағында күнбағыс майын өндіру және көтерме сату нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді. Нәтижесінде сұйық майдың  бағасы соңғы екі жылда  еселеп қымбаттағаны анықталды.

Талдау жүргізу барысында республиканың 6 өңірінде орналасқан 8 негізгі ірі зауыттың күнбағыс майын өндіруді жүзеге асыратыны анықталды. Ал өңірлерде күнбағыс майын көтерме сатумен 152 субъект айналысады. Майдың құны  2020 жылдың қазан айынан  2021 жылға дейін  7 есе өскен.

Бағаны көтерудің негізгі факторлары:өткен жылғы егіннің шикізат қорын өндірушілердің қысқаруы салдарынан шикізатты сатып алу бағасының өсуі;әлемдік бағаларға бағдарлану;Қазақстанда және әлемде егіннің болмауы;су сатып алу құнын 0,25 АЕК-ке ұлғайту, импортқа тәуелділік.

2021 жылғы күнбағыс майы нарығының теңгеріміне сәйкес республика бойынша күнбағыс майы өндірісі экспорттық көлемді ескере отырып, республиканың қажеттілігін жаппайды. Ішкі нарықтағы импорттық өнім 30%-дан астамды құрайды

Талдау деректері негізінде бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешеніне іс-шараларды енгізу үшін Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар жіберді.

Шынар Оразова