2021 жылы мемлекет қазынасына 11 трлн. теңгеге жуық салық түсті. 2020 жылмен салыстырғанда ол 25 пайызға артып, 2 трлн. теңгеге өскен. Кірістер комитетінің мәліметінше, салықтың өсуіне шикізаттың қымбаттауы, үшінші елдермен тауар айналымының өсуі, онлайн бақылау-касса машиналарынан пайданың артуы әсер еткен.
Былтыр өңірлердің бюджетіне 3 трлн. 666 млрд. теңге түсіпті. Жалпы республикалық бюджетке мұнайға салынған табыс салығынан 533 млрд. теңге аударылған. Қара алтынмен қатар, салықтың көп мөлшері экспорттық кеден бажына,
Шынар Оразова