Шымкент әуежайын сату аукционында заң талаптары бұзылған

108

Шымкент әуежайы аукционға қойылғаны жайлы хабарландыру мемлекеттік мүлік тізілімі сайтында жарияланған болатын. Ақпан айының басында ҚР Бәсекелестікті қорғау жәнее дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне аукционға қатысты Шымкент әуежайы ұжымы және  бірқатар заңды тұлғалардан арыз түскен.

Шағымды тіркеген департаменттегілер, 2020 жылдан бері аэропорт бірнеше рет аукционға қойылып келеді. Әкімдік тарапынан аукционға қою мақсатында бір мекеме алатындай жағдай жасалған, үміттенген субъектілерге жоғары талап қойған.

Ернар Қоспаев, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары: «Біздің департаментке Шымкент әуежайының ұжымы, «Эйрсервис», «ЭйрАстана», осы 3 тұлғадан арыз түсті. Солардың арызын қарау нәтижесінде, біз әкімдікке хабарлама жібердік. Яғни, олардың әрекетінде бәсекелестікті қорғау  саласында құқықбұзушылық белгілері бар екені және  аэропортты  сату аукционын  заңға сәйкес өткізсін деген  хабарлама жолданды. Ол хабарламаны орындау мерзімі 30 күн. Орындалмаған жағдайда, тергеп-тексеру ашуға міндеттіміз, құқылымыз».

Шынар Оразова