Шымкент тұрғынының көлігінен қару табылды

66

Шымкент тұрғынының көлігінен қару табылды. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қ. Төлеметов көшесінің бойында 25 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Daewoo Gentra көлігін тоқтатқан. Көлікті тінту барысында суық қару ішінен табылды.

Анықталған затты қайдан алғаны және қандай мақсатта алып жүргені бойынша тексеру жұмыстарын жүргізу үшін күдікті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін азаматқа қатысты құқықтық баға берілетін болады.

Әлихан Файызханов