Шымкенттегі айырбастау орындарында доллар мен еуро сатылып жатқан жоқ

145

Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы  бойындағы  валюта айырбастау бекеттері доллар сатпай жатыр. Сату құны 460 теңге шамасында көрсетілген.

Сатушылардың айтуынша, дәл қазір олар доллармен қоса еуроны да сатпай отыр. Кейбір валюта айырбастау орындары мүлдем жабық. Еуроның бағасы 500-515 теңге төңірегінде, ал рубль 4,5-5,5 теңге аралығында. Сатушылар доллар мен еуроны түстен кейін сағат 15.00 ден кейін сатып қалуымыз мүмкін деп болжам жасауда. Рубль сатып алмақ болған тұрғындар құр алақан кетуде. Долларды іздегендер қаланы аралап әлек.

Нұржан Мамутов,  Леңгір қаласының тұрғыны: «Доллар іздеп жүрмін. Доллар бар,  осында  520-550 -ден сатып жатыр.  520 ауыр ғой. Кеше 470-тен алғанмын жұмыс бойынша  керек еді, аудардым, тағы жетпей жатыр. Іздеп жатырмын…».

Шынар Оразова