Шымкент қалалық Полиция департаментінің басшысы ауысты. Бұған дейін қаланың бас полицейі болған Ералы Жұмаханбетов қызметінен кетті. Оның орнына Түркістан облысы Полиция департаментінің басшысы қызметін атқарған Қайрат Дәлбеков тағайындалды.
Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков 1963 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылында дүниеге келген. 1982-1984 жылдары Кеңес Армиясы қатарында ракеталық бөлімде әскери борышын өтеген. 1985 жылы Қарағанды қаласындағы Ішкі Істер Министрлігінің жоғары мектебін бітіріп, 1989 жылы Шымкент облыстық атқару комитетінің ИЧ-167/1 мекемесінде шұғыл бөлімнің жедел уәкілі болған. 1994 жылы Мемлекеттік Тергеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының 3-бөлімінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі қызметін атқарған. Сондай-ақ, ол Мақтарал ауданы ІІБ бастығының бірінші орынбасары, Кентау қалалық ІІБ бастығы, 2009 жылы қаңтар – мамыр айларында ОҚО ІІД бастығының орынбасары, 2011-2013 жылдары ОҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары, 2013 жылдан бері Маңғыстау облысы ішкі істер департаменті бастығының қызметін атқарып келді. 2017 жылдан бері ол Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментін басқарған.