Сұйық отынды сыртқа шығаруға салынған тыйым жалғасады

141

Сұйытылған газдың бағасын тұрақты ұстап тұруда кедергілер өте көп. Бұл туралы Энергетика министрі айтты. Яғни, жанар-жағармай сияқты сұйытылған газдың нарық тізбегінде де «өнімсіз делдалдар» бар дейді министр.

Мәселен, меншігінде не газ құю, не газ жинақтау станциясы жоқ алыпсатарлар кездеседі. Мұнай өнімдерінің негізсіз қымбаттауына да осындай көзге көрінбейтін ойыншылар әсер етеді.

Ведомство басшысының сөзінше, сұйық отынды сыртқа шығаруға салынған тыйым 180 күндік меже біткен соң да жалғасады. Электр энергиясының да бағасы тұрақты болмақ,- дейді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Шынар Оразова