Түркістан облысында бүгінде коронавирустың тәуліктік өсімі 0,01%-ды құрайды. Облыстағы инфекциялык стационарларда 809 төсек-орын жасақталған.
Қазіргі таңда 756 төсек-орын бос. Пандемия басталғалы індеттің 18 450 жағдайы тіркелген, оның 9571-де симптом байқалмаған. Облыста вирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 1 046 218 адам ал екінші құрамды 1 046 006 адам қабылдап, 360 463 адам ревакцинация жасатқан.
Жалпы Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының I компонентін – 186364 адам, II компонентін – 133117 адам кабылдаған.
Иззат Миралиев