Бағаны нарық реттеуде. Республика аумағында жалдамалы пәтерлердің ақысы қымбаттап барады.
Energy Prom орталығының зерттеуіне сәйкес, Қазақстан қымбатшылық жағынан 107 елдің ішінде 82-орында. Жалдау ақысы бір жылда 17,5 пайызға өскен.
Ал Алматыда баға 40, Оралда 32, Шымкентте 31, Нұр-Сұлтанда 26 пайызға шарықтаған. Қазір елордада бір бөлмелі пәтерді жалдаудың орташа құны 160 мың теңге. Пәтерақының қымбаттауын сарапшылар сұраныстың артумен байланыстырып отыр.
Шынар Оразова