Жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап барады

113

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың қаңтарында жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны бір жыл бұрынғы деңгейден 15,5%-ке, ескі тұрғын үй 21,7%-ке қымбаттады.

Былтыр сарапшылар тұрғын бағасының өсуіне зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат берілуі әсер еткенін айтты. Ал нарыққа қатысушылар құрылыс материалының бағасы қымбаттағанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, коронавирус пандемиясы салдарынан жеткізулерде кідіріс туындап, жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап кетті. Тұрғын үй тапшылығы алдағы 15-20 жылда да жалғаса береді,- дейді сарапшылар.

Шынар Оразова