Елімізде экспорттаушылардың шығынын өтеуге өтінім қабылдау 24-ші наурызда басталды. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігінен мәлім етті.
Министрлік мәліметінше, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу, яғни шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар, ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.