9 пайызбен ипотека алу бойынша 10 мыңға жуық өтініш қабылданбаған

28
фото Ашық дереккөзден

«Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасына Астана, Алматы және Батыс Қазақстан облысы тұрғындары белсенді түрде қатысып жатыр. Олардың басым көпшілігі жастар. «Отбасы банкінің» дерегінше 1 наурыздан бері 16 мың 297 адам өтініш берген. Оның 9 мың 731-і кері қайтарылған. Себебі, 9 пайызбен ипотека алғысы келгендер арасында бірнеше өтініш берген адамның қарасы көп.

Банк қызметкерлері олар автоматты түрде қабылданбайтынын жеткізді. Сондай-ақ, қатысушылардың тең жартысы негізгі шарттарды орындамаған. Еске салайық, «Отау» ипотекасына қатысу үшін, «Отбасы банкі» салымшысы болу міндетті. Кемінде 1 миллион теңге болатын депозит, сонымен қатар соңғы 5 жылда жеке баспанасы болмау керек

Мархабат Сынасапова, «Отбасы банк» АҚ орталық филиалының маманы: «Бір адамның атынан 20 шақты өтініштің қабылданған жағдайлары қазіргі таңда анықталып жатыр. Бағдарламаға қатыспас бұрын міндетті түрде өзіңіздің бағдарламаға сәйкес келетін, келмейтін тұстарыңызды толықтай анықтап алып барып, (өтінімге) бағдарламаға өтініш берулеріңіз қажеттігін ескертіп жатырмыз. Жалпы бұл 16 мыңнан астам жалпы саны көп болып тұруының себебі бір адамның бірнеше мәрте өтініш беруінің салдарынан да болуы мүмкін».