Аяқ киімдерді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды

74

Қазақстанда аяқ киімдерді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды. Шығынды «Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы» өтейді.

Кәсіпкерлер оған қатысу үшін маусымға дейін өтініш бере алады. Елде былтыр қарашада аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау басталғаны белгілі. Кәсіпкерлерге қарашаға дейін сатып алып қойған таңбаланбаған тауарларын биыл сәуірге дейін сатуға рұқсат берілген еді. Тауарын сатып үлгермеген шағын кәсіп иелеріне тағы да жеңілдік жасалмақ.

Шынар Оразова

«Отырар TV» мен сайтымыздың @OtyrarQaz қазақша телеграм-каналына жазылыңыз.  https://t.me/OtyrarQaz