Алдағы демалыс күндері Түркістан облысында жаңбырлы

127

Алдағы демалыс күндері  өңір тұрғындарын қандай ауарайы күтіп тұрғаны жайлы мәлімет алу үшін  синоптиктерге жүгіндік.

«Қазгидромет РМК» Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-сионптигі Әсем Нұрлыбаева айтуынша, 12-ші наурызда  Түркістан облысының  оңтүстігінде жаңбыр, ал  таулы аудандарда  қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Оңтүстік батыста желдің екпіні 8-13 м/сек, таулы ауданда 25 м/сек жетеді. Сенбі күні ауа температурасы  күндіз +14+19, облыстың солтүстік аудандарында +10 градус. Түнде сынап бағанасы  +5+10, солтүстік аудандарда +2.

Жексенбі күні, 13 наурызда   облыстың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын, таулы аймақтарда  қатты жаңбыр қарға ұласуы ықтимал. Облыстың солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа соққан желдің екпіні 8-13 м/сек, өңірдің солтүстігі және таулы аудандарда  желдің күші 15-20 м/сек жетеді.

Ауа температурасы күндіз +11+16 градус, облыстың солтүстігінде +8  градус жылы болады.  Түнде сынап бағанасы +5+10 градус, өңірдің солтүстігінде +2 градус жылы.