Наурыздың алғашқы бір аптасында мамыр айында жеткізілетін астықтың құны 40 процентке көтерілген.
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс астық нарығын абдыратып тастады. Себебі бұл екі ел де ең ірі бидай өсіруші мемлекет саналады. Нақтырақ айтсақ, әлемдегі астық экспортының 30 проценттейі бауырлас қос мемлекеттің үлесінде. Мұндағы шиеленіс ушыққан сайын, нарықта баға шарықтап барады.
Жұма күні Чикаго тауар биржасында мамыр айында жеткізілетін бидай 6 жарым процентке қымбаттап, бір бущелі 12 доллардан асты. Осылайша, 2008 жылдан бергі рекордын жаңартқан. Айта кетейік, бір Бушель шамамен 38 келі.
Трейдерлердің айтуынша, Қара теңіз арқылы бидай тасымалы 24 ақпаннан бері тоқтап тұр.
Шынар Оразова